Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады деп күтіледі, республиканың батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлады "Қазгидромет" метеоқызметі.
Синоптиктер Жаңа жыл қарсаңында күн жылиды деп болжайды Жұма күні Қазақстанда ауа температурасы 10 градус аяздан төмендемейді, орталық пен шығыста 4-6 градус аяз болады, солтүстікте – 7-9, оңтүстік пен батыста – 1-3 градус нөлден төмен, алайда жекелеген жерлерде температура нөлден жоғары болуы ықтимал – 7 градусқа дейін көтеріледі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде төменнен соққан боран болады, желдің күшеюі – 15-20 м/с. Алматы облысында – тұман, көктайғақ, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде ұйытқуы – 25 м/с. Жамбыл облысында, синоптиктердің болжауынша, тұман, көктайғақ, боран болады, желдің екпіні – 15-20, түнде облыстың оңтүстік-батысында ұйытқуы – 23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында – тұман, төменнен соққан боран, желдің екпіні – 15-20 /мс. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында – тұман, төменнен соққан боран. Қарағанды облысында желдің екпіні – 15-20 м/с.