Қазақстанда жуық арада тағы да жекеменшік он жоғары оқу орны жабылады

деп хабарлады білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

"Оқу орындарының түлектеріне еңбек рыногында сұраныс жоқ, бұл әсіресе шағын жеке меншік оқу орындарына қатысты жәйт", деді ол жұмада мәжілісте "Экономика салалары үшін техникалық және кәсіби, жоғары білім беру жүйесінде кадрларды дайындау келешегі мен сапасы туралы" парламенттік тыңдау барысында.

"Бізде ондай шамамен 30 оқу орны бар, жуық арада министрлік жабылу қаупі бар оқу орындарының тізімін жариялауды жоспарлауда, сонда оқуға түсетіндер дұрыс шешім қабылдай алады", деді министр.

"Студенттер оқу бітіргенше, ол оқу орындарының жабылып қалмауына министрліктің кепілдік бермейтіндігін атап өткіміз келеді", деді ол.


Бұл оқу орындарында білікті ұстаз аз, оқу орындары, оқу жабдықтары, лаборатория, әдебиет жетіспейді, ғылыми жұмыстар жоқ. Алдағы уақытта біздің міндетіміз сапаны арттыру және сапасыз оқу орындарын оңтайландыру, деді ол.

"2103 жылы он оқу орнына қатысты сотқа әкімшілік істерді жолдадық (жабу үшін –ИФ-Қ", шешімін күтеміз. Бес оқу орны лицензиясынан айырылып, соттың шешімі бойынша жабылды, деді ол.