Қазақстанда жыл басынан бері 86 мыңнан астам қылмыс тіркелді - Бас прокуратура

"Тіркелген қылмыстардың жалпы саны 86 мыңнан асты, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда қылмыстар санының өсу динамикасы 1,8% құрады", -деді ол.

"Қылмыстар саны еліміздің 9 өңірінде өсті: Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстары".

"Қылмыстарды ашу көрсеткішінің азаюы Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында байқалды", -деді Ж. Белгібаева.

Оның айтуынша, "әйелдерге қатысты жасалған қылмыстардың саны 2,1% өсті".

"Жалпы қылмыстар құрылымында ұрлықтар саны 5,6%-ға, тонаушылықтар саны 9,2%-ға өскен, ал бопсалаушылықтар саны 5,8%-ға, қарақшылық шабуылдар 4,1%-ға, бұзақылық - 15,2%-ға кеміді", -деді өкіл.

"Сондай-ақ, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен жарылғыш қондырғылардың заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 35,7%, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстар саны 3,1% азайған", - деді Ж. Белгібаева.

"8 айда жалпы қылмыс жасағандар саны 50 мың адам болды, бұл былтырғы жылғыдан 2% кем", -деді Бас прокуратура өкілі.