Қазақстанда жыл басынан бері есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 39 шетелдік құрықталған

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, есірткі қылмысы үшін ұсталғандардың арасында - Ресей Федерациясының 16 азаматы, Өзбекстанның - 10, Қырғызстанның - 9 азаматы бар. Қазақстанда жыл басынан бері барлығы 2849 есірткі қылмысы жасалған, соның ішінде 50 есірткі контарбанда дерегі тіркелген.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында еліміздің құқық қорғау органдары заңсыз айналымнан 1,5 тоннадан астам әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 40 кг жуық героин тәркілеген. Бұл өткен жылмен салыстырған екі есе артық. Сондай-ақ, 60 астам өте ірі көлемдегі есірткі тәркілеу дерегі тіркелген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті