"Осы жылдың бірінші тоқсанында шағын және орта бизнес кәсіпорындарының шығарған өнімдерінің көлемі 1,5 еседен астам азайды", -деп атап өткен министр бұл көлемнің 689 млрд теңгеден 437 млрд теңгеге дейін азайғанын нақтылады.
Оның айтуынша, өнім шығару көлемінің азаюына әсер еткен бір себеп - коммерциялық банктер тарапынан несиелендіру көлемінің қысқаруы болмақ. "Несиелендіру көлемінің азаюына сәйкес өнім шығару көлемі де соншалықты азайды деуге болады. Бұл әрине, белгілі бір шамада, ол түрлі салалар бойынша 1-3 кварталды құрайды", - деді В. Школьник.
Атап айтсақ, министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында құлдырау 35-40%, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында - 20-30%, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарында 50%, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында 70 - 80% құраған.
"Әрине, бұл жерде маусымдық факторды да ескеру керек. Яғни, бірінші тоқсанда өткен жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда өнім шығару көлемі ұдайы азаяды", - деді В. Школьник. "Біз осы маусымдық факторды да талдадық, ол өткен жылдары 20-30% ғана құраған, ешқашан 70-80% дейін төмендеу болмаған", -деді ол.
"Біз бұл ағымды өзгертпесек, ол әріқарай да солай жалғаса береді. Бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен салқынын тигізбек, өйткені, еліміздің Жалпы ішкі өнімаіндегі шағын және орта бизнестің алып отырған көлемін ескеру керек", - деді В. Школьник.
"Осыған байланысты барлық өңірлік әкімдіктер бизнес қауымдастықтардың қолдауымен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір өңірдегі шағын және орта кәсіпкерліктің іс-қызметіндегі құлдырау себептеріне мұқият талдау жүргізу орынды деп санаймын. Шағын және орта бизнесті қолдаудың кезек күттірмес шараларын дәйектеп, бюджеттерді қайта қарап, бизнес құрылымдарды несиелендіру көлемін ұлғайту қажет", - деді индустрия және сауда министрі.