"2002 жылы есірткінің заңсыз айналымнан 18 тоннадай әртүрлі есірткі заттары тәркіленген, оның көп бөлігін марихуана құраса және небәрі 200 кг героин болса, ал ағымдағы жылы 24 тонна әртүрлі есірткі тәркіленген, оның 500 кг героин құрап отырғандығын атап өткен жөн", - деді А. Выборов. Комитет төрағасы елімізде үстіміздегі жылдың 11 айында есірткі саудасы саласында 10 қылмыстық топтың жойылғанын, 410 контрабанда деректері мен 4354 есірткі өткізу деректерінің алдын алғандығын хабарлады.
Сонымен қатар, А.Выборов тіркеуде тұрған есірткіге тәуелді тұлғалар саны 2006 жылдың аяғында 55 мың адамға жететіндігін хабарлады (ІІМ мәліметтеріне сүйенсек ағымдағы жылдың қаңтар айында олардың саны 53 мыңды құраған). "Бірақ бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығы белгілі, себебі олар нашақорлықтың жасырын қасиеттерін есермейді",- деп санайды ІІМ қызметкері.
Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев өз кезегінде мамандардың бағалауы бойынша есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты саны елімізде екі-үш жыл бұрын 200 мың адамды, яғни жалпы халықтың 1,3 пайызын немесе еңбекке жарамды тұрғындардың 2,06 пайызын құрағандығын хабарлады. "Қазір, әрине бұл көрсеткіштер көтерілген", - деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті