"Жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша қабылданған шаралар апаттардың санын азайтуға мүмкіндік берді. Кейінгі 6 айда еліміздегі көліктер саны 352 мың автокөлікке артқанына қарамастан, апаттардың санын 11%-ға, қаза тапқандардың санын - 9%, жараланғандардың санын - 10% азайтуға жол ашылды", деді Б. Қожахметов.