Қазақстанда жыл сайын 100-ден астам кинокартина түсіріледі

«Соңғы жылдары отандық кино индустриясын дамыту шеңберінде «Қазақфильм» киностудиясы тұтастай жаңғыртылды. Бүгінгі таңда ол ең алдыңғы қатарлы техникасы мен шығармашылық алқасы бар толыққанды кино өндірістік кешен болып табылады», - деді ол ведомствоның бейсенбідегі алқа отырысында.

«Жыл сайын түрлі жанрлар мен форматтағы жүзден астам картина шығарылады. Нәтижесінде ұлттық кино прокатта отандық фильмдер саны көбейіп келеді. Бүгінде кинтеатрларда көрсетілетін қазақстандық картиналар саны 6 пайыздан асты немесе жылына 20-дан астам кино көрсетіледі», - деді Д.Мыңбай.
Соңғы үш жылда Қазақстанда түсірілген 102 картина әлемнің 50 елінде 158 кино фестиваль мен көрсетілімге қатысқан. Өткен жылы отандық режиссерлердің бес картинасы тоғыз арнайы жүлде мен наградалар иеленді, деп атап өтті министр.