"Қазақстан аумағының табиғи апаттарға ұшырау қаупіне берілген баға олардың арасындағы ең қатерлісі мен жойқындығы жағынан жер сілкінісі, тасқындар, су тасқындары, селдер, лай көшкіндер, қар көшкіндері, дауылдар, орман, дала, тұрмыстық және өндірістік өрттер, адамдар өмірі үшін қатерлі жұқпалы аурулар, эпизоотиялар, малдың паразиттік және зооноздық ауруларымен өсімдік аурулары екенін көрсетеді", - делінген ТЖМ ақпаратында.
Халықтың тең жартысы мен еліміздің өндірістік әлеуетінің 40% орналасқан аумақтар сейсмикалық қауіп аймағында.
Бұл мәліметтер "табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми-қолданбалы проблемалар" атты кеңес қорытындысы бойынша таратылған баспасөз баянында айтылған.
Кеңесте сөз сөйлеген ҚР ТЖМ-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік және төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Нұрахмет Бижановтың айтуынша, "жыл сайын елімізде төтенше жағдайлардың салдарынан келетін тікелей шығын көлемі орта есеппен 3,5 - 4,5 млрд теңгеге жетеді (ғаламдық зілзала болмаған жағдайда)".
"Сарапшылардың бағалауынша, осы жағдайдағы қосымша шығын 15-20 млрд теңге көлемінде және адамдардың өлімі мен зардап шеккендердің емделуінен келген шығын - 3 млрд теңгеге бағаланады. Жалпы алғанда бұл жыл сайын 25 млрд теңгені құрап отыр", - деді ол.