Қазақстанда жыл сайын 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алынады

"Індетті ауруларға қарсы халыққа вакцина егуді жақсарту шаралары туралы" ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау органдары жыл сайын шамамен 8,5 млн теңгеге күйдіргіге қарсы вакцина сатып алады. Ол вакцина егу жүргізілетін халықтың тиісті тобына шамамен 312 мың доза сатып алуға жетеді", - деп хабарлады А. Белоног.

Оның айтуынша, күйдіргі бойынша эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуі 2006 жылы тіркелген. Ол кезде халық арасында күйдіргімен ауырған 11 жағдай кездескен болатын.