Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл сайын елімізде 17-18 мың адам жол апаттары салдарынан жарақаттанады екен. Жыл басынан бері республика бойынша 11470 жол апаты тіркелген. Жүргізушілердің жылдамдықты шектен шығаруының кесірінен жол апаттары көбеюіне байланысты әсіресе Астана жолдарында төтенше қауіпті жағдай қалыптасып отыр.