"Қазір бізде мемлекет басшысының инфляция деңгейін 10% деңгейден асырмау жөніндегі тапсырмасын орындауға нақты мүмкіндік бар", - деді Кәрім Мәсімов.
"Бұл жерде мен жанар-жағармайдың бағасын арзандату мәселесімен айналысқан еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа, азық-түлік өнімдерінің бағасын арзандатумен айналысқан индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке және облыстардың әкімдеріне ризашылық білдіргім келеді. Сіздер жүргізген жұмыстар өз нәтижесін беріп, қарашада инфляция 0,4% құрады, бұрын-соңды ондай болған емес", - деді үкімет басшысы.
Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешінбаева Қазақстанда қараша айында инфляция деңгейі 0,4% және 11 айда 9,2% құрады деп мәлімдеген болатын.