Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге соттың шешімдеріне қатысты шағымдар көп түседі

"Екінші тоқсанда біз 436 адамнан жазбаша және 968 адамнан ауызша шағым алдық", - сказал Б. Байқадамов. Оның айтуынша, шағымдардың басым бөлігі сот шешімдерімен келіспеушілікке (18,4%), құқық қорғау органдарының әрекетсіздігіне немесе әрекетіне (15%) байланысты. Тұрғын үй құқығының бұзылуына байланысты шағымдар саны екі есе артқан (12,7%).

Б. Байқадамовтың айтуынша,шағымдадрың басым бөлігі Астанадан (15%), Ақмола облысынан (13,43%), Алматы облысынан (10,6%), Шығыс Қазақстан облысынан (8,4%), Шығыс Қазақстан облысынан (6,25%), Алматыдан (8,75%) келген.

"Өндіріске қабылданған істердің 18,4% оң шешімін тапты. 2,6% жағдайда өтініш иесінің құқығы толыққанды қалпына келтірілмеген. 8 оқиға бойынша құқық бұзушылыққа қатысы бар лауазым иесінің жаза жүктегені туралы ақпарат алынған", - деді Б.Байқадамов. Оның айтуынша, олардың арасында сот орындаушылары, қаржы полициясының, жетімдер үйінің және басқа да құрылымдардың қызметкерлері бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті