Қазақстандағы Әлемдік банк өкілдігі 2004-жылға арналған шағын гранттар бағдарламасы жүзеге асырыла бастағанын хабарлады

Бұл бағдарламаның жобасы 1983-жылы жасалған. Гранттар Әлемдік банктің тұрақты өкілдіктері арқылы бейресми қоғамдық ұйымдарға беріледі. Қазақстанда бағдарламаның төрт бірдей циклі табысты жүзеге асырылып, нәтижесінде 155 мың долларға 38 жоба қаржыландырылды.

Даму проблемасымен айналысатын кез-келген ұйым грант алу туралы өтініш бере алады. Жеке грант мөлшері 5 мың доллардан аспауы тиіс. Грант алуға өтініш қабылдау мерзімі 2004-жылғы 15-ақпанда аяқталады.
2004-жылы бағдарлама еліміздің ауылдық елді мекендерінде тұратын әлеуметтік осал әрі оқшауланған топтардың әлеуметтік және экологиялық проблемаларды шешуге атсалысу аясын кеңейтуге бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап отыр.