Қазақстандағы АҚШ елшілігі қызметінің шектелуінен виза беру тәртібі өзгермейді

Жаңа бюджеттің қабылданбауына байланысты қызметі шектелген Қазақстандағы АҚШ елшілігі виза беруді тоқтатпайды. Бұл туралы елшілік баспасөз қызметінен хабарлады.


           «Бұл шектеулер Қазақстан азаматтарына виза беру тәртібіне кері әсер етпейді», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
           Ведомствоның хабарлауынша, «жаңа бюджет мақұлданбайынша елшілік белгілі бір қызмет түрлерін шектелген тәртіп бойынша жүргізеді».
           «Астанадағы елшілік пен Алматыдағы бас консулдық виза басып шығаруды және американ азаматтарына қызмет көрсетуді тоқтатпайды», - деді ол.