Елшіліктің хабарлауынша, Дж.Ордвей Кеңес одағы мен Ресейге қатысты мәселелер, Еуропадағы қауіпсіздік, түрлі шиеленістерді шешу және бітімгершілік шаралар бойынша үлкен тәжірибе жинақтаған елші.
1975-жылдан бері елшілік қызметте жүрген Дж.Ордвей түрлі жылдарда АҚШ-тың Прага және Мәскеудегі елшіліктерін, Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстағы АҚШ миссиясын басқарған. 2001-жылдың қарашасы мен 2004-жылдың маусым айлары аралығында Дж.Ордвей АҚШ-тың Армениядағы елшісі болды.
АҚШ-тың еліміздегі жаңа елшісі 2004-жылдың қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімхатын тапсырады деп күтілуде.