«Қазақфильм» президенті Ермек Аманшаев елшіні киностудияның цифрлық кешені арқылы, сондай-ақ «Мың бала» фильмін түсіруге дайындық жүріп жатқан павильондармен алып жүрді.
Хабарда айтылғандай, «Территория кино» клубында жалғасқан кездесу барысында Нью-Йорк киномектебімен кино білімі, кино шығару саласында және «Қазақстан киносының АҚШ-тағы күндері» шарасын өткізуде ынтымақтасу мүмкіндігі талқыланды.
Е. Аманшаев американдық елшіге киностудия соңғы екі жылда түсірген фильмдері жайлы буклет пен дискі табыс етті. Өз кезегінде Дж. Ордвей қызықты экскурсия үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның киноөндірісі соңғы бірнеше жылда айтарлықтай жанданғанын атап өтті.
«Мен қазақтың жаңа фильмдерін өткізіп алмауға тырысамын», - деді Дж. Ордвей.