"Биыл тұқымның дер кезінде себілуінің өзектілігі бұрынғыдан да жоғары болады. Биылға жылға жасалған болжам әрқилы. Былтырлары біз тұқым себуді маусым айларында аяқтайтынбыз. Алайда, биыл біз солай жасасақ, құрғақ маусым немесе шілде айлары туғанда зор қиыншылықтар болуы ғажап емес", - деді А. Күрішбаев.
"Сондықтан мен сіздерден жергілікті жерлерде ақпараттық жұмыстарды жүргізіп, өндірушілерге биылғы жылы тұқым себу мезгіліне деген сұраныстың жоғары екендігін жеткізуді өтінемін", - деді ол Ақмола облысының аудандық мәслихат депуттарына арнаған сөзінде.
"30 мамырда біз астық тұқымдастарды себуді толығымен аяқтауымыз керек. Тек сол арқылы ғана орташа түсімді қалыптастырудың негізін жасай аламыз", - деп атап көрсетті А. Күрішбаев.
Министр сондай-ақ, тұқым себу технологиясын сақтау мәселесін де өзекті деп есептейді. "Біздің болжауымызша, күзде астық бағасы жоғары болады. Сондықтан, тұқым себу және химиялық жұмыстар кезінде ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге келген шығын бірнеше еселеп өтеледі", - деп сөзін түйді ол.