Қазақстандағы барлық гидротехникалық құрылыстар қауіпсіздігі декларацияланады

Азаматтық қорғаныс жөніндегі жаңа заң жобасы 2015 жылдың қаңтарынан іске қосылатын болады. Қазірдің өзінде ол заң қабылданған. Аталған заңда гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы біз енгізген ереже бар. Онда адам өміріне қауіп төндіретін барлық гидротехникалық құрылыстар меншік нысанына қарамастан декларацияланатындығы анық көрсетілген», - деді Б.Бекнияз.

Оның сөзіне қарағанда, нысан мемлекеттік меншікте болса, онда оны министрлікке қарасты кәсіпорын, коммуналдық меншікте болса, жергілікті әкімдік декларациялайды. Ал жекеменшік қолындағы нысандардың декларациясы Су ресурстары комитетіне табыс етіледі. Осыдан кейін комитет аккредиттелген мамандандырылған ұйымды тағайындайды. Аталған ұйым декларацияның бөгет қауіпсіздігі жай-күйіне сәйкестігін тексеретін болады.

«Біз Қазақстандағы барлық тірек құрылыстарды қамтитын боламыз және алдағы уақытта олардың жай-күйі қандай екендігін, қандай шаралар жүзеге асыру керектігін білеміз», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар ол декларация бөгет иесінің немесе пайдаланушы ұйымның есебінен жүргізілетіндігін атап өтті. Ал кәсіпорынды аккредиттеу Су ресурстары комитеті арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстандағы барлық ірі бөгеттер бақылаудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталады. Бұл туралы бүгін ҚР АШМ Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Болат Бекнияз мәлім етті.

«Қазақстанда шамамен 400 бөгет бар. Оның ішінде 200-ге жуығы - орташа немесе ірі бөгет. Біз іс жүзінде олардың барлығын бақылауда ұстап тұрмыз. Мемлекет бақылауындағы бірде-бір бөгетті су бұзып кеткен жоқ не болмаса төтенше жағдай орын алмады», - деді ол.


Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын аталған бөгеттерге ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінуде, күзет қызметі жұмыс істейді.

«Дегенмен, олардың барлығы да осыдан 30-50 жыл бұрын салынған әрі түбегейлі жаңғыртуды қажетсінеді. Қазір біз автоматтандырылған жүйе енгізудеміз. Алдағы уақытта бөгеттердің жай-күйін бақылаудың және бөгеттің төмен жағында қоныстанған халықты құлақтандырудың заманауи автоматтандырылған жүйесін енгізбекпіз», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Б. Бекнияздың сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы гидротехникалық құрылыстарды жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттары  әзірлену үстінде. Ол 2016 жылдан бастап қоланысқа енгізілетін болады. Ал жекеменшік қолында бөгеттер меншік иесінің қаржысы есебінен жүргізіледі әрі ол жұмыстар қатаң мемлекет бақылауына алынады.