"Шағын және орта бизнес істері жөніндегі омбудсмен институты - мемлекеттік институт емес, ол мемлекеттік мекемеге де жатпайды, мемлекеттік лауазым болып табылмайды. Бұл - мемлекеттің қолдауында, онымен ынтымақтаса жұмыс істейтін қандайбір үкіметтік емес ұйым болады деп ойлаймыз",- деді Е.Орынбаев. "Ол азаматтық қоғам институты болады. Шағын және орта бизнестің адвокаты ретінде жұмыс істеп, мониторинг жүргізеді. Ал мемлекет осы институт көтерген мәселелерді шешетін болады". "Оның жұмыс нәтижесі мемлекетпен, БАҚ-тармен, шағын және орта бизнеспен қалай ықпалдастық орнатқанына байланысты. Нәтиже оған прокурорлық функциялар берумен немесе пәрмен беру құзыретімен мүлдем байланысты емес",- деп санайды президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен отырыс барысында әкімшілік реформалар жөніндегі комиссия ел президентіне үкімет пен мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін модернизациялауға қатысты ұсыныстарды жолдады. Бұл ұсыныстар мемлекет басшысының атына жолданатын хатта баяндалып, қолдау сұралады. Ұсыныстардың арасында шағын бизнес істері бойынша омбудсмен институтын құру туралы ұсыныс та бар.