Э.Джонстың айтуынша, еліміздің мемлекеттік мекеме өкілдерімен кездесуде талқыланатын негізгі мәселелердің бірі - алдағы парламент сайлауы туралы мәселе болмақ. Атап айтсақ, ол ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волковпен, ҚР президентінің әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Тәжинмен, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиевамен кездескен. "АҚШ, Еуропалық Қоғамдастық пен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан Қазақстанда парламент сайлауын әділетті өткізуге қол ұшын беру үшін көп нәрсе тындырылды. Сол себепті АҚШ үшін сайлаудың шын мәнісінде әділетті болуының маңызы зор",- деді ол.
Э.Джонстың айтуынша, Қазақстан мен АҚШ-тың қай-қайсысында да электронды дауыс беру жүйесінің тиімділігіне қатысты пікірталас жүргізілуде. Қарапайым сайлаушылардың өзі берген дауыс дұрыс есепке алынатындығына күмәндануы жүйені қолданысқа енгізудегі басты қиындық болмақ, деді ол.
Сондай-ақ, Э.Джонстың хабарлауынша, А.Волков пен М.Тәжинмен кездесуде Ирак пен Ауғанстандағы ахуал, қазақстандық бітімгершілердің жағдайы, "БҰҰ-ның Иракқа қатысты кейбір талаптары туралы талқыланған".