Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", - делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.


Осыған байланысты үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.