Қазақстандағы Грузия елшісінен коронавирус анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты Грузияның сыртқы істер министрлігі растады. Елші Қазақстанда ем қабылдап жатыр.

"Ол Қазақстан дәрігерлерінің бақылауында, Грузия мамандары онымен үнемі байланыста", - деп хабарлайды министрлік өкілі.

Зураб Абашидзе Грузияның елшісі болып 2017 жылы тағайындалған.


Бұған дейін, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Олармен байланыста болған кей жоғары лауазымды шенеуніктер үйінде оқшауланды.