"Инвесторлар үшін негізгі мәселі -сыбайлас жемқорлық. Бүгінгі кезде Қазақстан CPI индексі бойынша 50-ші орында тұр. Сіздің қайда екендігіңізден гөрі, осындай түйсінудің бары маңызды. Ағылшындар біз қабылдап түйсінген нәрсе, бар нәрсе деп айтады. Сондықтан Қазақстан өзінің имиджін жақсартуы керек", -деп түсіндірді Ю. Ригтеринк.
Оның сөздері бойынша, елге шағын инвесторлардың келуі үшін сыбайлас жемқорлықтан құтылу керек.
"Экономиканы әртараптандыру үшін инвесторлар әр түрлі болуы міндетті. Үкімет бұл бағытта нақты қадамдарды қолға алды, бұл үкімет үшін басымдылық және бұл әрбір Қазақстан азаматының міндеті ", -деп санайды "ABN AMRO Банк Казақстан"басшысы.
Оның сөздері бойынша, инвесторлар үшін тағы да бір мәселе институционалдық және заңнамалық базаның әлсіздігі.
"Жағдай жақсарып келеді, бірақ оның аяқталуына біраз уақыт бар. Табысты шешуші фактордың бірі- бұл саяси жағдайдың тұрақтылығы, бірақ екінші жағынан бұл қауіп. Өйткені қазіргі үкіметтен кейін не болатыны белгісіз. Инвесторлар үшін сенімділік, нақтылық керек", - деп толықтырды ол.