Оның хабарлауынша, 20 жылдың ішінде Кореяның 67 құрылыс компаниясы Қазақстанда 150 келісімшартқа қол жеткізді. Оның жалпы соммасы 10 млрд. АҚШ долларын құрады. «Айта кетер жәйт, соңғы екі жылдың ішінде кәріс компанияларының белсенділігі арта түсті. Себебі тек екі жылдың ішінде ғана олар 5,8 млрд. доллардың келісімшартын рәсімдеп алды», - дейді Ш.Синг-Чул.
Айта кетейік, Кореяның құрылыс компаниялары Қазақстан нарығына алғаш рет 1993 жылы келген болатын. Сол кезде «Самсунг» компаниясы Жезқазған қаласында медициналық кешенді салды.