1-ші тоқсанның нәтижелері бойынша ресейлік рубль бағамының әлсізденуіне орай және аймақтағы компаниялардың бәсекелестік қабілеттілігі жеткілікті болмағандықтан "ССГПО" АҚ, "Өркен" ЖШС, "Қостанай минералы" АҚ, "Орион Минералс ЖШС", "Баян-Сұлу" АҚ, "СарыАрқаАвтоПром" ЖШС өндіріс көлемін азайтқан.
"Қазіргі уақытта инвестиция тарту үшін жұмыс істеу керек, өнім өткізудің жаңа рыноктарын іздеу қажет. Ауыл шаруашылығына ден қоюға тиіспіз”, деді әкімшіліктен.
Сонымен қатар, 1-ші тоқсан бойынша "ЕвразКаспианСталь" АҚ жақсы көрсеткішке жеткен, олар қаңтар-наурыз айларында 65 мың тонна өнім шығарды, өткен жылы осы мерзімдегісі 92 мың тонна болатын.