"Қазақстандағы кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі": Ермахан Ибраимов


Бұл туралы ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Үкімет ауыл шаруашылығын қолдау қорларын ашты, кәсіпкерлерді қолдау қорлары бар. Не істеймін десең де, барлық жағдай жасалып жатыр. Кредит аласың ба, оны бір жыл кейінге шегеріп төлемей тұра тұрасың ба, бір сөзбен айтқанда мен диванда жатпаймын, еңбек етемін деген адамға барлық жағдай жасалған. Қазақстанда тұрған кедейлердің жағдайына олардың жалқаулығы, еріншектігі кінәлі. Алға ұмтылмайды. Бұл менің жеке пікірім", - дейді Ермахан Ибраимов.