Қазақстандағы коммуналдық желілерді модернизациялауға 300 млрд теңге қажет - Оразбақов

"Әкімшіліктердің мәліметінше, инженерлік желілерді, электр, жылу және су қамтамасыздығы жүйелері мен кәріз жүйелерін жөндеуге қажетті қаржы көлемі 300 млрд теңгеден асады", - деді министр. Оның айтуынша, "бірақ, бұл сандарды нақтылау қажеттігі тууы да мүмкін".

"Коммуналдық қызметердің сапасы қазіргі 60-70 % шамасында, тіпті кейбір өңірлерде 90%-ға жуық тозығы жеткен инженерлік желілерді жөндеу және реконструкциялау қажеттігімен тығыз байланысты. Соның салдарынан техникалық шығындардың орташа деңгейі 35%-дан асады. Инженерлік желілерде апаттық деңгейдің жоғарылығы да осыдан", - деді Ғ.Оразбақов.

"Келтірілген мәліметтерге сәйкес, бюджет қаржысының есебінен қосымша желілерді тарту арқылы халықты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету деңгейін көтеру жұмыстарын күшейту, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер көрсететін қазіргі бар кәсіпорындарды дамыту мен жаңасын құруға ынталандыру қажет деп санаймыз", - деді министр.