Қазақстандағы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін жұмыс берушілердің жартысынан астамы "төмен" деп бағалайды - Аяғанов

"2006 жылы медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің білімін мемлекет тарапынан бағалау қорытындысы бойынша үлгерімнің сапалық көрсеткіші ("жақсы" және "өтежақсы") оқушылардың 90%-ынан кем болған жоқ. Бірақ осы орайда денсаулық сақтау саласындағы жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша оларға келген түлектердің дайындық деңгейін 8,6% ғана "жеткілікті" деп бағалаған", - деді С. Аяғанов.

"Сауалнамаға қатысқандардың 57%-дан астамы олардың білім деңгейін "төмен" деп бағаласа, 33% -ы "қанағаттанарлықсыз" деп бағалайды. Жұмыс берушілердің 1% ғана медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейін "жоғары" деп бағалайды, - деді ол.

Сонымен бірге, сенатор медициналық жоғары оқу орындары түлектерінің жыл сайын 80% астамы ғана медициналық мекемелерге жұмысқа орналасатынын, бұл елімізде қалыптасып отырған қазіргі "медицина мамандарының тапшылығына" қарамастан байқалатын жағдай екеніне назар аударды. "Сөйтіп, бүгінгі жағдаймен еліміздегі дәрігерлер құрамы медицина саласының сұранысына сан жағынан да, сапа жағынан да сай келмей отыр", - деді С. Аяғанов.