дер кезінде жеткізбеуі салдарынан болып отыр. Бұл туралы жұмадағы баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім мен ақпараттық технологиялар департаменті директоры Жаңыл Жонтаева хабарлады.
«Оқулық бар, тек жергілікті атқару органдары оқулықтарды дер кезінде жеткізбеген», - деді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Қызылорда облысына оқулық толық жетпеген.
«Қазір министрлік аталған облыстардың әкімдеріне қалалық білім бөлімі басшыларын тәртіптік жауапқа тарту туралы хат жолдады», - деді Ж.Жонтаева.
«Білім туралы» заңға сәйкес, министрліктің міндетіне оқулықтар мен оқу*әдістеме құралдарын әзірлеу кіреді. Бұл шаруа дер кезінде атқарылды. Бағдарлама бекітілгеннен кейін жергілікті атқару органдарына жөнелтілді. Кітапты басу, сатып алу мен орта мектептерге жеткізу міндеті солардың мойнында.
«2014-2015 жылдары оқулық сатып алуға бөлінген 287 млн теңге аудандық, қалалық білім бөлімдерінің бюджетіне аударылды. Ол қаржы министрлік бюджетінде «қалып қойған» жоқ. Бізге жеткен мәліметтерге сүйенсек, бүгінде еліміз бойынша 20 млн данадан астам оқулық сатып алынған», - деп түсіндірді ол.
Бірқатар өңірде мектеп оқушыларына оқулықтар жетіспеуде. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.
«Бүгінгі күні біздерде оқулықтармен толық қамтамасыз етілген облыстар бар. Олар: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалалары», - деді ол.
Дегенмен, департамент басшысының атап өтуінше, бірнеше облыстың, әсіресе, аудандық білім бөлімдерінің оқулықтарды толық жетізбегендігі мониторинг арқылы анықталған.
«Ақмола облысында Сандықтау, Жақсы, Шортанды аудандары мен Степногор қаласында, Шығыс Қазақстан облысында Тарбағатай, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласында, Қостанай облысында Жетіқара ауданы мен Лисаков қаласында, Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың, Айыртау, Шал ақын, Ғабит Мүсіров, Жамбыл, Ақжар, Мағжан Жұмабаев аудандары мен Петропавлда және Қызылорда қаласында оқулықтар жетіспейді», - деді Ж.Жонтаева.
ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов облыс әкімдеріне оқулықтарды уақтылы жеткізуді ұйымдастырмаған аудандық, қалалық білім бөлімінің басшыларына шара қолдану туралы ұсыныс хат жолдады.
Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі, орта білім және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мәлім етті.
«Бүгінгі күні Білім және ғылым министрінің хатын дайындадық. Облыс әкімдеріне оқулықтарды уақтылы жеткізуді ұйымдастырмаған, Білім туралы заңның орындалуына кедергі келтірген аудандық, қалалық білім бөлімінің басшыларына шара қолдану туралы ұсыныс хат жолданды», - деді Ж.Жонтаева.
Оның атап өтуінше, ҚР Білім туралы заңына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің құзіретіне тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың бағдарламасын әзірлеу кіреді. Бекітілген бағдарлама жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Осыдан кейін жергілікті атарушы органдар баспамен келісімшартқа отырып, аймақтардағы мектептерді оқулықпен қамтамасыз етуге міндетті. Ал оқулықтарды сатып алуға қажетті қаржы толығымен бөлінген.
«Бүгінгі күні облыстық, аудандық әкімдіктер жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңгеден астам қаржы ақша бөліп, ол аудандық, қалалық білім бөлімдеріне берілді», - деді.
Департамент басшысының сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы 3 пен 10 сынып оқулықтары ауыстырылды. Оқулықтар 4 жылда 1 рет ауыстырылады.