С.Ткаченконың айтуынша, республиканың Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Алматы тәрізді 6 облысында ЕНЕМО-ның ұзақ мерзімді 10 бақылаушысы іске кірісті. Сайлау күнгі дауыс беру және дауыс санау барысына ұйымның қысқа мерзімді тағы 30 сарапшысы бақылаушылық жасайды, деді халықаралық миссияның жетекшісі.
"Біздің бар назарымыз бен ресурстарымыз президент сайлауына, басқаша айтқанда, дауыс беру барысына арналатын болады",- деді С.Ткаченко. ЕНЕМО бақылаушылары сайлау барысына берген бағасын жұртшылыққа 5-желтоқсанда жария етеді.
ЕНЕМО миссиясы елімізде Ұлттық демократиялық институттың қолдауымен аккредитацияланды.
ЕНЕМО өкілдері Орталық және Шығыс Азиядағы бұрынғы коммунистік елдердегі және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына мүшелікке өткен бұрынғы Кеңестік республикалардағы сайлауларға мониторинг жасаумен шұғылданады.
Халықаралық бақылаушылар ұйымына әлемнің 16 елінен, соның ішінде Армения, Словакия, Македония, Украина, Румыния, Қырғызстан және Беларусь елдерінің 17 бейресми ұйымы енген.