Қазақстандағы президент сайлауына жіберілетін ТМД бақылаушыларының миссиясы жетекшісінің кандидатурасы Минск қаласында қаралады

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атқару комитеті ТМД Атқару комитетінің төрағасы Владимир Рушайлоның кандидатурасын қолдады.
Сонымен бірге отырыс барысында ТМД жылы деп жарияланған 2006-жыл мен ТМД-ның құрылғанына 15 жыл толуына арналған шаралардың жоспары талқыланады. Бұған қоса ТМД Атқару комитеті мен ТМД-ның жарғылық және басқа да органдарының жанындағы толық құқылы тұрақты уәкілдердің кеңесінің ұйымға мүше елдердің мемлекет басшылары кеңесінің 2005-жылғы 26-тамыздағы Достастық органдарын жетілдіру және жаңалау жөніндегі шешімін орындауға бағытталған бірлескен шараларының жоспары пысықталады.
Сондай-ақ, ТМД Атқару комитеті, Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұрақты халықаралық хатшылығы мен Көші-қон саясатын дамыту жөніндегі халықаралық орталық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарды жобалап, аталмыш халықаралық ұйымдар арасында келісі туралы мәселе қаралады.

i>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті