Қазақстандағы қалалар мен ауылдардың әкімдері халық алдында есеп береді


Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбиболлаев мәлім етті.

«Қаңтардың 28-і мен ақпанның 2-сі аралығында Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер мен ауыл әкімдерінің халықпен дәстүрлі кездесулері өтеді», - деді ол дүйсенбідегі брифингте.