"Бүгінге дейін Орта Азия өңірінің ұлан-ғайыр аумағында бір де бір дүниежүзілік табиғи мұра нысаны болмапты. Қазақстанның қос мемлекеттік табиғи қорықтарының аумақтары баршаға танылған әлемдік маңызы бар табиғи нысандардың қатарына кіру арқылы Орта Азиядағы алғашқы жол бастаушы болды", - деп атап көрсетті Н. Ысқақов.
Министр екі қорықтың "Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері" деген атпен біртұтас аталымға біріктірілгенін хабарлады. Себебі, қос қорық бір географиялық аймақта және суда жүзетін құстардың бір миграциялық жолының аумағында орналасып, сондай-ақ, бүкіл Азиядағы аса маңызды сулы-батпақты алқаптардың бірі болып табылады.