Қазақстандағы қылмыс саны 29,9% артты

Биылғы қаңтар мен шілде аралығында Қазақстанда 210 мың 249 қылмыс тіркелген. Бұл өткен жылдың дәл осы уақытымен салыстырғанда 29,9% артық, деп хабарлайды мемлекеттік статистика агенттігінен.


           Аталған уақыт аралығында еліміз бойынша әр 10 мың адамға шаққанда 213 қылмыстан келген. Жеке тұлғаға қатысты 7 мың 596 қылмыс жасалған.
           Ал, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы 19 мың 667 қылмыс, біерудің жеке мүлкіне қатысты 162 мың 181 қылмыс тіркеліпті. Оның 120 мың 241-і ұрлық.
           Аталған кезеңде құқық қорғау орындары қылмыс жасаған 56 мың 803 адамды қолға түсірген. Оның 14,1 пайызы әйелдер, 5,6 пайызы кәмелет жасына толмағандар, 2 пайызы мемлекеттік шенеуніктер, 8,7 пайызы бұрын істі болған азаматтар.
           Сонымен қатар, қылмыс жасағаны үшін құрықталғандардың 77,5%-ы жұмыссыз болып шықты.
           29 мың 557 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңды бұзғандар әрбір алтыншы адам қылмысқа спиртті ішімдік кесірінен барса, әрбір төртінші адам қылмысты топтасып жасапты.