"Үміткерлер арасындағы саяси күрес көбінесе ерегес пен жаңжал сипатында және негізінен бір-бірін айыптауға құрылған",- деді И.Ивановская.
Оның айтуынша, "әсіресе Ж.Тұяқбайдың штабы осындай тәсілді пайдалануда. Үміткердің сайлау алдындағы күресі нақты немесе ойдан шығарылған заң бұзушылықтарға назар аударуға бағытталған".
"Мұндай технологиялар сайлау процессінің төңірегінде келеңсіз ахуалдың қалыптасуына алып келеді. Нәтижесінде жалпы сайлау мәдениетінің құлдырауына себепші болмақ",- деді И.Ивановская.
"Elections&Democracy" қауымдастығының пікірінше, "үміткерлер технологиялардың жиынтығын пайдаланғысы келмей отыр". И.Ивановскаяның пікірінше, үміткерлерлің сайлаушылармен кездесуі бір жағынан жаппай келуді талап ететін бір кездегі партияның жиналысына ұқсап кетсе, екінші жағынан кейбіреулердің аяқ басуына тыйым салынған белгілі бір ат төбеліндей топтың жиыны іспетті.
Республикада сайлаушыларға қысым көрсету оқиғалары қылаң беруде, деді И.Ивановская. Мұндай қысым ауылдық жерлерде басым, деді ол. "Қысымның негізгі түрі ретінде жергілікті биліктің жоғарыдан пәрмен берілген-берілмегеніне қарамастан жауапкершілікті өзіне жүктеп алуын атауға болады",- деді сарапшы.
Сонымен бірге "Elections&Democracy" өкілдері сайлау комиссияларының жұмысындағы заң бұзушылық деректері, әкімшіліктердің сайлау комиссияларының жұмысына араласуы, үміткерлердің штабтары тарапынан үгіт-насихатты қиянатшылыққа пайдалану, сайлаушыларға қысым көрсету мен ықпал етудің заңсыз әрі экономикалық емес тәсілдерін қолдану деректерін келтірді.
Жалпы алғанда қауымдастықтың есебінде атап көрсетілгеніндей, "халық арасында бедел мен қолдауға үміткер Назарбаев ие болып отыр". "Ал оппозициялық басылымдардың сауалнамасына қатысушылардың небәрі 14 проценті ғана өз дауысын қазіргі президентке бермекші",- делінген құжатта.
Қауымдастық еліміздегі президент сайлауына қазақстандық ұйым ретінде бақылаушылық жасауда. Ал бұған дейін әлемнің әр елінен жиналған 183 қысқа және ұзақ мерзімді "Elections&Democracy" бақылаушыларының миссиясын аккредитациялаудан бас тартылған болатын.