«Сербияға үлкен апат төніп тұр. Бірнеше күнге созылған нөсер жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, ұлттық ауқымдағы апатқа айналды. Көптеген қалалар су астында қалды, бірнеше адамның өмірі қиылды. Топан судан көптеген үй шаруашылықтары зардап шегіп, ауыл шаруашылығы жерлері бүлінді, үй малдары өлді. Көптеген елді мекендер зор зардап шекті және әлі де болса су тасқыны астында қалу қаупі бар. 25 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді», - делінген дипломатиялық миссияның үндеуінде.
«Сербия халқының басына төнген бұл бақытсыздыққа көптеген жекелеген тұлғалар мен мемлекеттер назар аударып отыр. Сербия Республикасының Үкіметі халықты қауіпсіз жерге көшіруге және су тасқыны салдарын жоюға қол үшін бергені үшін ресейлік құтқарушыларға, Еуроодақ пен Беларусьқа, Балқан өңірінің елдеріне және жекелеген мыңдаған сербиялыққа зор алғысын білдереді. Дегенмен апат ауқымы мен Сава өзенінің арнасынан асу қаупі ахуалды тұрақтандыруға әлі де көптеген күш-жігерді, еңбекті және қаржыны қажет етеді. Сондықтан да Қазақстандағы Сербия Елшілігі Сербияның барлық азаматтарына, достарына және бейжай қарамайтын адамдарға Сербия халқына көмек қолын созуға шақырады», - делінген құжатта.
Сербия Елшілігі көмек көрсету тәртібі туралы келісу үшін мына телефондарға хабарласуды өтінеді: +7 7172 99 00 27 немесе факс +7 7172 99 00 26. Сондай-ақ ақшалай көмек көрсету үшін БТА банкінде арнайы есепшот ашылған: №: KZ46319Y010006067683 теңгемен және KZ51319Y010006067690 еуромен. BIN: 110850002696 KBE: 21.