Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі Орталық Азиядағы басқа елдердегіден әлдеқайда төмен - Еуропарламент өкілі

"Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты ахуал Орталық Азиядағы басқа елдердегіден мүлдем өзгеше. Аймақ елдерінің басым бөлігі дүниежүзіндегі ең жемқорлық жайлаған елдер ретінде қабылданатыны белгілі",- деді А.Рока. Еуропарламент өкілі Қазақстан президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамдық ұйымдарды көптеп тарту туралы ұсынысына қолдау білдірді. "Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісін жоюға бағытталған іс-шараларды жалғастыру қажет",- деді ол.

А.Роканың айтуынша, "Қазақстан көп жағдайда Орталық Азия елдерінен көш ілгері келеді және көптеген артықшылықтарға ие. Қазақстанның амбициясы өте жоғары әрі гүлденген елге айналу үшін модернизациялану әлеуеті өте жоғары",- деді Еуропарламент өкілі.
Еуроодақ Қазақстанмен арадағы өзара тиімді қарым-қатынасты дамытудан мүдделі, деді Еуропарламент төрағасының орынбасары. "Қазақстанда қазіргі өсім деңгейі сақталған жағдайда бірнеше жылдан кейін сіздер бізге қолұшын беруге жарап қаласыздар",- деді ол.