Қазақстандағы тәртіпсіздіктер: ұйымдасқан қылмыстық топ басшылары ұсталды

Бірқатар қылмыстықтық топтардың басшылары мен қатысушылары жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысуына байланысты жауапқа тартылуда, – деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ІІМ Криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері аумақтық бөлімшелердің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты. Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі “Калашников” автоматы, төрт “ПМ” тапаншасы, төрт “Глок” тапаншасы, револьвер, “ТТ” тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, “Сайга-410” тегіс ұңғылы карабині, “Оса” травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер тәркіленді. 

Ұсталғандарға қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалған. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.