Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге экстремистік ұйым мүшелері қатысты - мемлекеттік хатшы

Қариннің айтуынша, 20 желтоқсанда бір мезгілде Қазақстан аумағына бір топ шетел азаматтарының келуі тіркелген, олар 7-8 қаңтарда түрлі бағытта елден шықпақ болған.

"Сонымен қатар, арнайы қызметтер еліміздің ішінде әрекет еткен бірқатар радикал және экстремистік ұйым мүшелері соңғы оқиғаларға қатысу дерегін анықтады", - деді мемлекеттік хатшы.

"Шетелдік террористік ұйымдардағы қазақстандық радикалдардың бұл оқиғаларды пайдаланып, жаңа шабуыл жасау әрекеті болды. Бұл әрекеттерді арнайы қызмет дер кезінде басып тастады", - деп қосты Қарин.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, республикадағы тәртіпсіздікті сот экстремистік деп таныған ұйымдардың бірі арандатқан.


"Сот таныған экстремистік ұйымдардың бірі осы шерулерді, тәртіпсіздіктерді, ашық түрде зорлық-зомбылық әрекеттерін, әкімшілік ғимараттарды басып алуды тудырды", - деді Қарин.