Қазақстандағы тұтынушылар тапсырыс төлемін жасай алмаса, Қырғызстан нарығы кірпішке көміліп қалуы мүмкін - газет

"Ийгилик" АҚ (бұрынғы Беловодск кірпіш зауыты) қазір жасалған кірпіштің төлемін ала алмай отыр. "Ийгилик"АҚ президенті Владимир Пархачевтың айтуынша, кәсіпорынның қоймаларында Қазақстандағы тұтынушылар тапсырыс берген бірнеше миллион дана кірпіш жиналып қалған.

АҚ басшысының пікірінше, "бұрын зауыт өнімінің тең жартысынан астамын алып келген Қазақстандағы тұтынушылар төлемдік қабілетсіз болып шыққан". Алайда, В. Пархачев "өздерінің шетелдік әріптестері ауыр жағдайдан шыға алады" деп үміттенеді.

Бүгінде Беловодск кәсіпорнында жасалған кірпіштің құны құрылыс нарығында бір данасына 10-12 сомға бағаланады.