"Астықты тасымалдау бойынша шешілмеген мәселелер бар", - деп атап өтті вице-министр. "Мәселен, қарашада 1 млн тонна бидай сыртқа жөнелтілуі жоспарланған, алайда, вагондардың тапшылынан және Украина территориясы бойынша, бидай тасымалының жоспары болмағандықтан, жоспарланған көлем азайтылды", - деді ол "біздің пайымдауымызша, көп дегенде 740 - 750 мың тонна астықты қарашада жібереміз", - деп атап өтті А. Күрішбаев.
"Ал желтоқсанда біз кем дегенде 1 млн тоннаны сыртқа жөнелтуіміз керек. Осыған байланысты, көлік және коммуникация министрлігі, Қазақстан темір жолының басшылығы өздерінің делегациясын Украинаға жіберіп, олардың темір жол жетекшілерімен келіссөздер жүргізуде. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деген үміттемін", - деді өз сөзінде вице-министр.
"Қазақстанның астық одағының" президенті Нұрлан Тілеубаевтың сөздері бойынша, биыл Қазақстан мен Украина темір жолдары арасында 6 мың вагонның жалға алынатыны туралы келісім -шартқа қол қойылды. Оның 1536 қазан айында жеткізілді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Қазақстан 2006/07 маркетингтік жылдары бидай мен ұн көлемінің экспорты жағынан жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, ол- 9 млн тоннаны құрады.
Мамандардың айтуынша, Қазақстанның астық нарығының үлкен мүмкіндіктері мен дамуы бар болғанымен, оның экспортын ұлғайтуға тасымал құралдарының тапшылығы тосқауыл болуы мүмкін.
2006 жылы 5266 тасымал техникасы бола тұра, астық тасу кезінде ол жеткіліксіз болып шықты.
Осыған байланысты, қажетті көлемді бидайды жеткізу үшін, тиісті тасымал көліктерімен қамтамасыз ету шаралары жасалды. 2006 жылдың қыркүйек айынан 2007 жылдың мамыр аралығында Украина, Ресей, Өзбекстан, Литва, Беларусь және Латвияның теміржол әкімшіліктерінен көмек ретінде бидай таситын 8593 вагон жіберілді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2007 жылдың астық тасымалын қамтамасыз ету үшін, "Қазақстан темір жолы"ҰҚ АҚ өкілдері Мәскеуде, Киевте, Одессада, Челябинскіде, Саратовта, Тбилисиде, Бакуде, Ташкентте Қазақстан астығы тасымалын ұйымдастыру мәселесі бойынша көшпелі отырыстарын өткізді. Сондай-ақ, "Қазақстан темір жолы" ҰК мамандарынан құралған жұмыс тобы осы мәселемен барлық теңіз порттарын аралап, бидай тасымалын дұрыс жоспарлау үшін астық терминалдарының өңдеу мүмкіндіктерін анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті