"Біз зайырлы мемлекетпіз, дін мемлекеттен бөлінген, бірақ бұл Қазақстан небір діни қозғалыстардың қоқысына айналуға тиіс деген сөз емес",- деді Н. Назарбаев. "Бүгінгі күнде Қазақстанда оншықты мың әртүрлі миссионерлік ұйымдар жұмыс істейді. Біз олардың мақсаттары мен мідеттерінен бейхабармыз және елімізге қажетсіз әсіре еркіндік пен тайраңдуға жол бермеуге тиіспіз",- деп атап көрсетті президент.
"Нұр Отан" партиясы діннің, ең алдымен ислам мен христиан дінінің қоғам өміріне әсерінің өсе түскенін ескере отырып, діни мәселеге қатысты ұстанымын нақты нығайтуға тиіс", - деп атап өтті мемлекет басшысы. "Әрине, партия діни радикализм, экстремизм сияқты ыдыратқыш құбылыстарға қатысты ұдайы принциптік көзқарас танытып, келеңсіз құбылыстардың алдын алуға бағытталған заңнамаларды жетілдіруге қатысты шаралар қабылдауға тиіс",- деп қорытындылады Елбасы.