Қазақстандағы жыл басынан бері және маусым айындағы инфляция қанша болды?

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, өткен айда азық-түлік бағасы 0,4 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,3 пайыз, ақылы қызмет құны 0,2 пайыз қымбаттапты.

Жыл басынан бері инфляция 4,8 пайызға жеткен. Осы уақыт аралығында азық-түлік 5,5%, тамақтан өзге тауарлар - 4,7%, қызмет түрлері - 4% қымбаттаған.