Қазақстанды 2030-жылға дейін дамыту стратегиясының көрсеткіштері жылдың аяғына дейін қаралады



Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан экономикасының бағдарламалық деңгейден оза дамуы құжаттағы көрсеткіштерді қайтадан қарауға нақты негіз болып отыр.
"Қазіргі жетістіктерге сәйкес дамудың жаңаша кезеңі басталып, бұрынғыдан да биік міндеттер алға қойылуда",- деді президент. "Біз ел экономикасыынң ауқымын 2010-жылы екі есе арттыруды көздеген едік. Менің ойымша, біз оған 2007-жылдың аяғында қол жеткізе аламыз",- деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге Елбасының пікірінше, экономика ауқымын 2015-жылға дейін 3,5 есе өсіру жөніндегі межеге де ертерек қол жеткізіледі.
Қазақстан қазір алға қойып отырған басты мақсат - дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы бәсекелестік қабілетке ие 50 мемлекеттің, сондай-ақ, әлемнің ең алпауыт 20 елінің санатына қосылу екенін еске салды. Елбасы 90-шы жылдардың басында Қазақстан БҰҰ-ына мүше елдердің арасында бәсекелестік қабілеті тұрғысынан 109-шы орында болғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті