Осыған байланысты құрылған арнаулы жұмыс тобы құжаттың мәтініне қатысты шаруаларды аяқтады.
“Әзербайжан жағы ұсынылған үлгімен танысты. Олар тұжырымдамалық тұрғыда қарсылық білдірген жоқ. Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісім еліміздің мүддесіне толық сай келеді”,- деді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанды Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына біріктіру туралы келісімге ағымдағы жылдың маусым айында Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары деңгейіндегі саммитте қол қойылады.