Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіру - маңызды міндеттердің бірі - ҚР Елбасы

Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуға бағытталған қадамдарды пәрмендендіруге "еліміздегі саяси және дипломатиялық әлеуетті жан-жақты жұмылдырған жөн",- деді президент.

"Отандық бизнестің аяғынан тік тұру процессі аяқталуға жақын деп санаймын. Ол тек ішкі нарықтағы ғана емес, сонымен бірге, сыртқы рыноктағы бәсекелестікке де әзір болып, өсіп-жетілді. Біз отандық шаруаларды тек қазақстандық қана емес, әлемдік рыноктағы бәсекелестікке де баптауымыз қажет",- деді Елбасы.
Н.Назарбаевтың пікірінше, "ендігі жерде қазақстандық капиталдың шетелдерге ағылуына қолдау көрсету дұрыс. Жаңа рыноктарды бағындыру, біріншіден, ғаламдық бәсекелестіктің бір белгісі болса, екіншіден, бұл бөтен елдердің экономикасымен істес болатын кәсіпкерлер үшін тың тәжірибе, жаңаша білім болмақ".
"Шетелдердегі барша мемлекеттік құрылымдар отандық бизнеске қолдан келгенінше қолдау көрсетуі тиіс",- деді президент.