"Қазақстанды Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісіміне біріктіру" туралы заң қабылданды

Республиканы аталмыш келісімге біріктіруде әдеби, ғылыми және көркемдік шығармалар бойынша авторлық құқықты сенімді қорғау жағдайын қамтамасыз ету мақсаты көзделді. Келісімнің 7-бабы, 1-тармағына сәйкес, авторлар өз шығармалары мен туындыларының түпнұсқасы мен көшірме нұсқаларын көрермен назарына ұсыну үшін коммерциялық прокатқа шығаруға рұқсат беруде ерекше құқыққа ие деп көрсетілген.

Заң Елбасының қол қоюына жіберілді.