Олардың арасында студенттер үшін үш апталық тіл зерттеуге арналған шәкіртақы, сондай-ақ, ғалымдар мен аспиранттар үшін зерттеулер жүргізіп , кәсіп шыңдауға арналған екі жылдық шәкіртақылар бар.
24-маусым, бейсенбіде Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Р. Кёртинг аталмыш шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі сертификаттарды табыс етпекші.
Халықаралық академиялық алмасуларға ұйытқы болушы ДААД қызметі - барлық неміс жоғары оқу орындарының басын біріктірген ұйым. Ол еліміз тәуелсіздік алғаннан бері осында жұмыс істеп келеді. Осы мерзімде Қазақстандық 697 студент және ғалымдар ДААД шәкіртақысына ие болды. Сонымен бірге , биылғы жылы аталмыш қызмет еліміздің әртүрлі жоғары оқу орындарында қызмет істеп жүрген германиялық 7 оқытушы, мұғалім және ассистентті жалақымен қамтамасыз етіп отыр. Қазақстандық студенттердің Германияға барып-келу жолақысын, неміс және қазақстандық ғалымдардың ұйымдастыруымен Қазақстанда өтетін әртүрлі салалық семинарларды қаржыландыру жұмыстарын да ДААД өз мойнына алған.