Қазақстандық 30 студент Украина жоғары оқу орындарында оқитын болды

Мұндай мүмкіндік Украина министрлер кабинеті мен Қазақстан үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді нақты жүзеге асыра бастау нәтижесінде пайда болып отыр.

Қазақстандық студенттер осы жақ тарапынан мүдделілік танытылған мамандықтар бойынша білім алады деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстық студенттер Украинаның 10 жоғары оқу орнында білім алатын болды. Атап айтсақ, еліміздің студенттері В.Каразин атындағы Харьков Ұлттық университетінде, Одесса заң академиясында, Киев технология және дизайн жөніндегі Ұлттық университетінде, М.Жуковский атындағы Харьков ұлттық аэроғарыш университетінде, Одесса мемлекеттік теңіз академиясында, Донецк Ұлттық техникалық университетінде оқитын болады.
Талапкерлер арасында орта мектепті медальмен тәмамдаған екі түлек бар. Болашақ ұшқыштар, капитандар, заңгерлер, психологтар мен программистердің мектеп бітіру жөніндегі аттестатындағы орташа баға 4,5 балл.
Барлық студенттер жатақханамен және шәкіртақымен қамтамасыз етіледі деп хабарлайды елшіліктің баспасөз қызметінен.